Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адалдығына күмәнданған": Күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың пәктігін мәжбүрлеп тексерген

Өзбекстанның Хорезм облысында күйеу жігіттің туыстары жаңа түскен қалыңдықтың пәктігін тексерген. Бірнеше әйел қызға мәжбүрлі түрде тексеру рәсімін өткізіп, оны видеоға түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі UPL.uz-ке сілтеме беріп.

Оқиға биыл 7 қазанда Үргеніш қаласында болған. Ал видео қараша айының соңында желіде жарияланған.

Белгілі болғандай, үйлену тойынан кейін күйеу қалыңдықтың "адалдығына" күдіктенген. Содан кейін қызға "сараптама" өткізуді жөн көрген. Тексеру барысында қалыңдыққа тіл тигізіп, тергеген.

Қыздың өгей әкесі видео бопсалау мақсатында түсірілген деп санайды.


Шымкентте ұрланған қалыңдық қашамын деп, омыртқасын сындырды 


"Түсіндіруге қиын заттар болды. Бәрі алдын ала жоспарланғаны анық. Түнгі уақытта ауылда медициналық қолғап қалайша табылып қалды? Жарайды, бұған көз жұмайық. Бірақ интернетте видео жариялағаннан кейін олар барлық хорезмдіктерді ұятқа қалдырды. Маған тіпті Түркиядан қоңырау шалып, көмек ұсынып жатыр", - дейді Нуриддин Рахимов.

Өгей әкесінің айтуынша, күйеу жігіт осыған дейін зорлық үшін сотталған, қалыңдықтың отбасы бұл туралы үйлену тойынан кейін ғана білген. Сондай-ақ, ер адам күйеу жігіттің үйлену тойына ақша талап еткенін, оларға ақша бере алмағаннан кейін видеоны желіде жариялағанын айтты.

Басылымның ақпараты бойынша видео түсіргендер қамауға алынған. Тергеу тоғыз адамға қатысты жүргізілуде.

Талқылау