Абу-Дабиде топ жарған Елена Рыбакина Дохадағы дүрмекке қатысады
Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі WTA-500 турниріндегі жеңісінен кейін, бірден Дохада өтетін WTA 1000 - Qatar Total Open турнирінде сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Әбу-Дабидегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің 4-орнына көтерілген Елена Рыбакина Дохадағы дүрмекте өнер көрсетеді. Әлемнің ең үздік теннисшілері тартысқа түсетін турнирді отандасымыз екінші айналымнан бастайды. Оның екінші айналымдағы қарсыласы қытайлық Чжу Линь болмақ. Қос қарсылас осы уақытқа дейін 2 рет кездесіп, бір рет Чжу жеңіске жетсе, екіншісінде отандасымыздың мерейі үстем болған еді. Дегенмен сарапшылар бұл кездесудің фавориті ретінде Рыбакинаны атады.
Рыбакина Абу-Дабиде өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті
Айта кетейік, жүлде қоры 3 211 715 долларына тең. WTA 1000 - Qatar Total Open турнирінде 64 теннисші бақ сынайды.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"