Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әблязовтің Венгриядағы сыбайласы елге оралып, өз еркімен берілді

БТА банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің бірі Венгриядан Қазақстанға оралды. Ол бұл қадамға өз еркімен барғанын және тергеу ісіне көмектесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170810170508

Ержан Кадесов өткен жылы Венгрияда ұсталып қалған. Содан кейін өзінің Қазақстанға экстрадициялануын күткен.

«Мен көп жылдар бойы Мұхтар Әблязовтің компанияларында жұмыс істедім. Ақырында сол компаниялар арқылы БТА банктің ақшалары сыртқа шығарылып отырды. Маған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. 2009 жылы Әблязовтің жүйесінде жұмыс істеген қызметкерлердің бәрі елден кеткен кезде, мен де көңіл-күйіме бағынып, кетіп қалдым. Венгрияда тұрдым. 2016 жылы мені Интерпол ұстап алды.

Әблязовтің адамдары мұның саяси іс екенін айтты. Ал мен шындығында қылмыстық іс екенін түсіндім. Бәрінен шаршағандықтан туыстарым мен қорғаушылар арқылы Қазақстанның құқық қорғау органдарымен байланысқа шықтым. Барлық жайтты мәдениетті түрде ақылдасып шештік, сөйтсем бәрі мен ойлағаннан әлдеқайда жеңіл екен. Өз еркіммен елге оралдым, ал 23 шілдеде тұтқынға алындым. Есесіне бүгін бостандықтамын. Ешқандай да қысымның, репрессияның жоқ екенін білгенде, баяғыда-ақ оралар едім.

20170810170407

Әблязовтің ісіне араласқаным үшін өкінемін. Оның жобалармен айналысатын компанияларында болдым. Өзімнің мамандығым – энергетик. Банкте 2007-2008 жылдары қызмет атқардым. Кейін кетіп қалдым. Банкте бақылауға алынған компаниялар мен ұйымдар көп еді. Сырттай қатыстым, құжаттарға қол қойдым. Ал несиенің қалай берілгенін өз басым білмеймін», – деді Кадесов ағынан жарылып.

Бұдан кейін ол өз еркімен елге оралғанын қайталап айтып, бұл ісіне өкінбейтінін мәлімдеді.

«Әрі қарай да тергеу ісіне көмектессем деймін. Өз басымнан өткен оқиғаны мысалға келтіре отырып, Әблязовтің ісі бойынша жасырынып жүргендерді Қазақстанға оралуға шақырамын», – дейді Кадесов.

Айта кетейік, Ержан Кадесов Әблязов БТА банктің ақшасын ұрлау үшін қолданған бірнеше компанияда жұмыс істеген. Кезінде осы құрылымдар арқылы Әблязов миллиондаған ақшаны қалтаға басқан. Ал банктің бұрынғы топ-менеджері 2008 жылдан бері іздеуде болған.

20170810170417

Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Ұлттық бюроның мәліметіне сәйкес, 2009 жылы Кадесов сырттай айыпты деп танылып, оған халықаралық іздеу жарияланған-ды. 2016 жылдың ақпанында Кадесов Будапешттен табылып, Венгрияның құқық қорғау органдары оны экстрадициялық қамауға алу туралы шешім шығарған.

Сол жылдың шілде айында Кадесов өз еркімен елге оралғысы келетінін сотқа айтқан. Қазіргі уақытқа дейін Кадесовке қатысты тергеу амалдарының барлығы жүргізілді.

Ол кінәсін толық мойындап, ақшаның жымқырылуына байланысты егжей-тегжейлі мәліметтерді айтып берген.

Бұдан өзге, Венгрияда болған шағында Әблязов «әділетсіз сот» туралы айтып қорқытып, Кадесовтің елге оралуына кедергі жасапты.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық экс-министрдің 3 миллион долларын ұрлап кетті

Ертісбаев грузин шарабы жайында: Күніне бір бокал ақ шарап ішкен пайдалы

Сарапшылар доллар бағасы 370-ке көтеріледі деп болжады

Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

Талқылау