Әблязовтің сыбайласы деп айыпталған Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты
Алматыда 10 ақпаннан бері қамауда отырған журналист Жанболат Мамай бүгін сотта соңғы сөзін айтты. «БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов жымқырған қаржының бір бөлігін өзі басқарған газет арқылы ізін жасырмақ болды деп айыпталған Мамайға мемлекеттік айыптаушы 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын сұраған.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Соңғы сөзінде Жанболат Мамай өзі басқарған «Трибуна. Саяси қалам» газетінің ешқандай тапсырыспен жұмыс жасамағанын, ақылы мақала баспағанын айтты. Жеті ай бойы қамауда отырған мерзімде отбасына, өзіне қолдау көрсеткен барлық қоғамдық ұйымдар мен тұлғаларға, БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді. Өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, Жарымбетовтен алған қаржының заңды екенін тағы да мәлімдеді.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде ресейлік әнші мазақ қылған қонақүйді көруге Сапарбаевтың орынбасары арнайы барды (видео)
Жанжал: Депутаттар білім грантын әділ бөлмеген шенеуніктерді жазалауды талап етті
Мьянма басшысы өзін мұсылмандарды қырып жатыр дегенге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді