Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қайта оралды
Белгілі боксшы Абылайхан Жүсіпов "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы өз жұмысын тоқтатқаннан кейін, әуесқой боксқа қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Токио олимпидасындағы сәтсіздіктен кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған Абылайхан Жүсіпов қайтадан әуесқой боксқа оралатын болды. Абылайханның ісін жүргізетін "Suleimen Promotions" промоутерлік компаниясы жақында ғана өз жұмысын тоқтатқан еді. Соған байланысты әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері қайтадан әуесқой бокста өнер көрсетіп, қайтадан құраманың үздігі атануды көздейді. Енді Абылайхан әуесқой бокста Қарағанды облысының атынан сынға түседі.
"Suleimen Promotions" компаниясы өз жұмысын тоқтатты
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов Ұлттық құрамада 69 келі салмақта өнер көрсеткен еді. Ол кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды

