Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абель Санчес: Головкин – машина емес

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Джейкобспен кездесу алдында  GGG-дің нокауттар топтамасына тым көп көңіл бөлінді.

20170322000558

Бұл туралы Sports.kz басылымы Boxingscene.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Жекпе-жек алдында Головкин бокс әлемінде атағы дүркіреп тұрғандармен жұдырықтаспайды деп айтып жатты. Геннадий рингке алты ай бойы шықпағандықтан, оның түр-реңі әдеттегідей жақсы болмады. Бірақ бұл ақталу емес. Ол – машина емес және әркез мінсіз бола алмайды. Меніңше, адамдар оның нокауттар топтамасына аса үлкен мән берді. Мүмкін бұған дейін ешкім жасамаған нәрсе болғандықтан шығар, бірақ біз үшін бұл маңызды еді, он екі раунд бойы күшті болып қалу керек екенін Головкиннің өзі де түсінді. Әрнәрсенің бел ортасы болады, сондықтан нокаутқа көп көңіл бөлудің қажеті жоқ. Оған ешқашан бас қатырған емеспіз, біз үшін бастысы оның жеңісі», – дейді Санчес.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Сондерс: Головкинді өз елінде “масқара” етуге дайынмын

Танымал бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

Қазақстандық жанкүйердің Головкин-Джейкобс айқасына тіккен 4 млн теңгесі күйіп кетті

Талқылау