Абай облысындағы өртке кінәлі деп саналған күдіктілер анықталды
Бас прокуратурада Абай облысындағы орман өртіне қатысты күдіктілер аталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу нәтижесінде "Семей-орман" резерваты мен Новошульба филиалының басшылары айыпталды.
"2023 жылы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі “Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сараланған. Олардың жасын және денсаулық жағдайын ескере отырып үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу жалғасуда. Өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда. Олардың арасында қасақана өртеу, ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және т.б. бар.
Нәтижелер бойынша ТЖМ және экология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты адамдарының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді