Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жүзден аса көлік қар қарсауында қалды

Абай облысында бүгін түнде жүзден аса көліктің қар құрсауында қалғаны белгілі болды. Жүк және жеңіл көліктерімен қатар, 35 жолаушысы бар автобуста жолда қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, наурыздың 2-нен 3-не қараған түні "Семей – Өскемен" тас жолында адамдар шамамен 20-30 көлік қар құрсауында қалып қойғаны және эвакуациялау керегі туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келгенде  14 жүк және 11 жеңіл автокөлік,1 газель, 1 эвакуатор қар құрсауында болғаны анықталды. Бірден шұғыл шаралар қабылданған. 

Сонымен қатар, бүгін таңда Жарма ауданында Қалбатау ауылына жетпей жолаушылар автобусы қарда тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салонда 35 адам және 1 жүргізуші бар. 

“Оқиға орнына келгеннен кейін 70 жүк көлігі мен 10 жеңіл автокөлік, сондай-ақ 1 жолаушылар автобусы қар құрсауында болғаны анықталды. Арнайы қызмет жолдарды тазалады”, - делінген ведомства ақпаратында. 

Министрлік осыған орай дауылды туралы ескертулер алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған уақытта кішкентай балалармен елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтыққа саяхаттаудан бас тартуды сұрауда.

Талқылау