Абай облысында сібір жарасына байланысты қойылған төтенше жағдай режимі алынып тасталды
Абай облысы Жетіжар ауылындағы ТЖ режимі алынып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақта сібір жарасының бар екені расталмады.
"Аудан әкімінің 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Жетіжар ауылында зарарсыздандыру жұмыстарының аяқталуына байланысты төтенше жағдай режимі жойылды", – делінген хабарламада.
Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғынында ПТР-тесті бойынша сібір жарасы анықталған жоқ. Сол жақ бет аймағының стафилококк-стрептококк карбункулы табылды.
Қазіргі уақытта ер адам емдеуді жалғастыруда, жағдайы тұрақты, дене температурасы қалыпты.
20 қыркүйекте Абай облысының ауылында сібір жарасына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Жетіжар кентіне кіре берісте санитарлық бекет орнатылды. Ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін әкету уақытша шектелді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған