Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді

Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

35 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болғаны анықталды.

Жол апаты Аягөз ауданында болған. Мас жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кетеді. Онымен тоқтамай, көлігімен сол маңдағы дүкендердің біріне соғылған. 


Полицейді боқтап, жұдырық ала жүгірген: Өскеменде келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді


Жеңіл көліктің астында қалған 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істегені белгілі болды. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда полиция қызметкері департамент ғимаратында оққа ұшып, жансақтау бөліміне түскені туралы жазған едік. 

Талқылау