Батыс Қазақстанда полиция қызметкері департамент ғимаратында оққа ұшып, жансақтау бөліміне түсті
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкердің жараланып, жансақтау бөліміне жеткізілгенін растады. Алдын ала болжамға сәйкес, ол облыстық Полиция департаменті ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қарумен өзін-өзі атып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Mgorod.kz
Оқыс жағдайға қатысты полиция департаменті нақсы түсініктеме берген жоқ. Болған жағдайдан кейін араға 1 сағат уақыт салып ведомство қысқа жауап берді.
“Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге мәліметтер қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді”, – делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы науқастың жағдайына қатысты пікір білдірді.
“Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл түрде операцияға жатқызылды. Қазір ол реанимацияда. Жағдайы ауыр”, – деді басқарма өкілдері.
Бұған дейін Қарағандыда бұрынғы полиция қызметкері өзін-өзі атып өлтірген еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған