Атыс қаруы мен пышақ қолданған: Ақтөбеде жаппай төбелестен бір адам көз жұмып, бірнешеуі жарақат алды
Ақтөбеде атыс пен пышақтау салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: vitvesti.by
"28 мамыр күні Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасына 18 бен 22 жас аралығындағы бірнеше облыс тұрғыны жеткізілді. Олардың аяқтарында пышақ жарақаттары бар. Біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлерінің осы қылмысқа қатысы бар төрт күдіктіні анықтап, ұстағаны хабарланды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Адам өлтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады