Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында қызыл қоңыз қаптап, көктеген шөпті құртып жатыр

Абай облысында қызыл қоңыз қаптап, жаңа көктеп келе жатқан көк шөптің түгі қалмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Белгілі болғандай, Мақаншы ауданының тұрғындары жаз басталмай жатып әуре-сарсаңға түсті. Зиянкестер жайылым жерді түк қалдырмай отап тастаған. 

Жергілікті халық жапырақ қоңыз тұқымдасына жататын зиянкестің қайдан ауып келгенін түсіне алмай жатыр.

Тұрғындардың сөзінше, қоңыздан қалған шөпті жеген төрт-түлік те уланып жатқан көрінеді. Алайда әкімшілік “мал шығыны жоқ” деп отыр. Дегенмен олар туристер көп келетін Алакөлдің жағасын да қоңыз басып кеткенін жоққа шығармады. Қазір мамандар даланы улауға кірісіпті. 

Үржар ауданы дезинфекциялау мекемесінің маманы Шолпан Ахметова апта соңына дейін 35 гектар алқап залалсыздандырылатынын айтты.


  • "Құжынаған құрт шықты": Ләйлә Сұлтанқызы алғаш тамақ істеген сәтін еске алды

“Ылғалды дезинфекция жасадық. 25 минуттан кейін нәтижесін көрдік, бәрі қырылды”, – деді Шолпан Ахметова.

Еске салайық, наурыз айында Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілгені туралы жазған едік.

Талқылау