Абай болыңыздаршы: Айқын Төлепберген қазақстандықтарға өтінішін айтты (видео)
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтарға видео үндеу жазып, Instagram парақшасында жариялады. Әншінің айтуынша, ол Алматыда велосипед жолағында скутердің жаяу жүргіншіні қалай қағып кете жаздағанына куә болған.
«Құрметті достар, бір кезек күттірмейтін мәселе бар. Велосипед жолдары велосипедтер, мопедтер мен скутерлер үшін арнайы салынған. Жаяу жүргіншілер олармен жүре алмайды. Өмірі үшін қауіпті. Әсіресе, балалар айналасына қарамай жүре береді. Егер ертең баланы қағып кетсе, сіз кінәлі боласыз. Сондықтан, абай болыңыз. Велосипед жолағының қасында әрқашан тротуар болады. Сонымен жүріңіз», - деді әнші.
Көптеген қолданушылар оны қолдады.
«Депутат бол, бізге сендей адам керек, сайлауға қатысатындығыңды айтшы», «Шұғыл мәселе. Адамдарға жетсе екен. Адамдар арнайы велосипед жолдарымен шығады, кейбір жағдайларда такси жүргізушілері бұл жолдарда адамдарды алып кету үшін тоқтайды», деп жазды желі қолданушылары.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”