Абай Бегей тағы да әке атанды
Қазақстандық әнші Абай Бегей тағы бір қыздың әкесі атанды. Бұл туралы орындаушы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Аллаға шүкір! Ерке, Сымбат, Әминаның соңынан еретін қыз дүниеге келді", - деп жазды Абай Бегей.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың шілде айында Бегей екінші рет шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той жасады. Десек те, әнші бұл күнге дейін талай қиындықты бастан кешті. Бірақ көпшілігі екінші рет отбасын құрған Абайды өзінен сонша жас кіші қызды алды деп сынап, үйленуіне қарсы болған. Дегенмен, сынға алғандардың көбі кейіннен Бегейге түсіністікпен қарап, қолдау көрсете бастады.
- Абай Бегейдің жас келіншегі әншінің алғашқы жарын еске алғанда көз жасын тыя алмады
- Абай Бегей: Менің қайғымды ешкімге де тілемеймін, марқұм Жанатыма деген құрметім ерекше
2019 жылы Абай әншінің екінші жары ұл босанды.
Айта кетсек, Абай Бегейдің алғашқы некесінен үш қыз және бір ұлы бар. Өкінішке орай, әншінің бірінші жұбайы 2015-ші жылы дүниеден өтті.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде