Абай Асылхан әйелі Жәнел Мақажан мен қызын перзентханадан шығарып алды
Актер Абай Асылхан әйелі Жәнел Мақажан мен қызын перзентханадан шығарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/abay.asylkhan
“Перхентханадан шықтық. Бұл сәтті ешқандай шусыз, шоусыз, әншілерсіз-ақ, бір топ адамсыз тек үшеуіміз сезінгіміз келді. Неге? Өйткені бұл сондай жантебірентерлік сәт және біз соны түсінгендейміз. Барлығына ата-ана атану бақытын тілеймін”, – деп жазды актер.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
“Бауы берік болсын, ауырмай аман өсіп кетсін”, “Ізінен бауырлары ере берсін”, “Өте дұрыс істепсіңдер,осылай болу керек, тып-тыныш, у-шусыз”, “Құтты болсын”, – деп ақжарма тілегін арнады желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Асылхан келіншегі босанғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.