Соңғы жаңалықтар

Серік Абас-шах: Бекболат Тілеухан маған "Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым, сені аяғыма жықсын деп сұрадым" деді

Серік Абас-шах Бекболат Тілеуханға қатысты ойын айтты. Ол Тілеуханды желі арқылы сынағанымен жеке басына жау көрмейтінін жазды. Алайда өзінің айтуынша, Бекболат Тілеухан өзін ұната қоймайтын секілді. 

"Естіген кезде, таңдана қоймадым. “Қарғысқа ұрынған” жігітті жақын танымаймын. Фейсбукте белсенді екен. Аттасымның жазғаны жақпай қалған шығар? Екеуі де аман болсын! Бұл туралы айтпаған едім... Бір жыл бұрын Бекеңмен көшеде кездесіп қалдық. Мен кіргелі тұрған мекеме ғимаратынан шығып келе жатыр екен. Ойымда ештеңе жоқ, күліп амандасып жатырмын.

Әлеуметтік желіде кей әрекет-қылығы үшін сынап немесе қалжыңға айналдырып жүрсем де әлгі “кейіпкерлерімді” дұшпанға балау немесе жек көру әдетімде жоқ. Көбімен күліп-ойнап амандасамыз, әңгімелесеміз, тіпті мерекелерде бір-бірімізді смспен құттықтап та жатамыз.

Бекеңнің әзіліме де, әңгімеме де құштар емес екенін сезсем де ескі танысым ретінде сәлемімді аяп қалмадым", - деп жазды ол парақшасында

Айта кетейік, әлеуметтік желіде кешелі бері депутат Бекболат Тілеуханның өзін сынаған жігітті қарғыстағаны туралы қызу талқыланды. Бұған әркім түрліше болжам жасап, өз пікірін білдіріп жатыр. Серік-Абас-шах осы оқиғаға қатысты өз парақшасында жазған екен. 

Әрі қарай екеуара диалогтің қалай өрбігенін жазды. 

- Сәлем, Беке? Қалайсыз?

- Менде қалған атаңның өші бар ма? (қаны басына шапса керек, танысымның түкірігі шашырып кетті)

- Беке, атамызды араластырмай ақ қояйық. Тіл байлығыңыз жетеді ғой, ойыңызды басқаша жеткізерсіз.

- Менде қалған атаңның өші бар ма?

- Не айтқыңыз келіп тұр?

- Мен енді ештеңе айтпаймын. Меккеге барғанда саған қарсы дұға оқыдым. Аллах сені тәубеңе келтіріп, аяғыма жықсын деп сұрадым. Көресің, күт енді...

- Беке, Ораза кезінде, қасиетті Меккеде жақсы тілек тілемеуші ме еді. Мынауыңыз не?

- Аллах жазаңды берсін!

- Беке, мына қылығыңыз тұлға ретінде де, жігіт ретінде де жараспайды сізге. Оның үстіне “жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін табады” дейді ғой.

Бекең мені тыңдағысы келген жоқ. Түкірігі шашырап, тағы бірдеңелерді айтып бара жатты. Қарғап-сілеу шығар?

Айтпақшы, “Бекболаттың тізімінде” тағы кімдер бар деп ойлайсыздар?", - деді Серік Абас-шах.


"Бекболат Тілеухановтың келінісіз бе?": Мөлдір Әуелбекова қайын жұртымен демалып жүр


Желідегі көпшілік бұл сөзге бірі сенсе, бірі ақтап алғысы келеді. Бекболат Тілеуханның жүзі көрінбейді, даусы қолдан жасалған деген пікірде. 

"Осындайлар ғой, көшедегі кемпір - шалды ұстап, қамап, аямаңдар деп полицейлерге ақыл айтатындар. Себеб, і өздері де сондай жендеттер , іштері сұрқия, жасағандары арамдық . Екі сөзінің бірі - Абай айтқан, Абай өсиет еткен деп, өтірік елге лапша ілген, жақ пен тілге сүйенген арамза қулар. Одан қалды өтірік Алла деп, елді алдағандар".

"Нағыз сұмырай екен. Аллада несі бар? Алла оның қол баласы ма, жұмсайтын?".

"Бұл кісі өзін Абылай ханның кезіндегі Бұқар жыраумын деп есептейтін секілді".

"Болар елдің баласы бірін-бірі батыр демеуші ме еді?".

"Егер мынау ешқандай монтажсыз Бекболаттың өз дауысы болса, онда Аллаһ тағалам Бекболатты екі дүниеде де кешірсін! Жақсы сөз жарым ырыс. Ислам дінінде де жақсы сөз айт немесе үндеме деген. Біреуге ор қазбай, өзімізге өмір тілейік... Қарғыс аспанға дейін жетеді, сосын төмен қайтып егер жүйелі қарғыс болса жүйесіне болмаса, нақақтан нақақ біреуді қарғаса айтқан адамның өзіне, яғни иесіне тиеді екен. Секе неғыса көңіліңізге алмай ақ қойыңыз. Аллаһ әділ, кімге қалай үкім шығарарын өзі біледі!".

"Қолдан жасалған жала шығар, өз түрі жоқ, дауысты бәрі сала алады. Ал әркімнің айтқанына сене беруге болмайды", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр