АӘК алатын отбасылардан шыққан мектепке дейінгі балалар үшін балабақшаларда тамақтану тегін болады
Мамыр айынан бастап "АӘК алатын отбасылар" санатындағы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері үшін тамақтану тегін болады, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желілерде.

"Бюджеттен осы мақсаттарға қажетті қаражат бөлінді. Бұл шара бізге мұқтаж отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда бюджет есебінен тамақтану бойынша жеңілдіктерді көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар ғана алады. Сонымен қатар, әрине, біз мектепке дейінгі білім берудің қол жетімділігін арттыру бағытында жұмыс жасаймыз. Биыл балабақшаларда қосымша 1500-ге жуық жаңа орын ашамыз", – деп жазды Ермағанбет Бөлекпаев.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты