Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлдарымның соғысқа барып, қолдарын қанға бояуына жол бермеймін": Қазақстанға келген шешенстандық мобилизация салдарын айтты

Шешенстандық Ахмет мобилизацияның кесірінен үш баласымен Ресейден Қазақстанға келген. Сөзінше, Қазақстанға келушілердің барлығы – соғысты қолдамайтындар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап.

Шешен ұлтының өкілі Ахмет мобилизацияға байланысты Мәскеуден Қазақстанға 18, 23 және 26 жастағы үш ұлын әкелген. Олар шекарадан өту үшін автобус жүргізушісіне төртеуі үшін 10 мың рубль беріп, кезекте бірнеше күн күткен. 

Ер адам ақыры Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін айтты. Сөзінше, демалып алған соң Түркияға жол тартпақ.

Ахмет Тараз қаласында дүниеге келген. Ол бір жасқа толғанда ата-анасы Шешенстанға көшіп кеткен. Сөзінше, 24 ақпанда Путин Ресей әскерінің Украинаға басып кіретінін жариялағанда оның жағдайы нашарлап кеткен екен.

"Мен 24 ақпаннан бері жұмыста әріптестеріме бұл соғыстың абыройсыз екенін ашық айтып келемін. Ал айналамдағы жастарға айтарым, сендер саясатқа қызығуларың керек, саясаткерлердің өміріңді не істеп жатқанын білулерің керек. Қазақстанға соғысқа қарсы азаматтар келіп жатыр.Қазақстанға Путиннің саясатын қолдамайтын соғысқа қарсы азаматтар келіп жатыр. Ал Ресейде ойларын ашық айтқан митингтегілер түрмеде отыр", – деді Ахмет.



Ахмет – Шешенстандағы екі соғыстан аман қалған жан. Оның үйінде снаряд жарылып, өзі жараланған. Кейін Саратов қаласына келіп, жаңа өмір бастаған екен.

"Ресей украиндармен де Шешенстанға жасаған әрекетін істеп отыр. Мен бұл соғыстың қандай екенін жақсы білемін. Олар мобилизация туралы жариялаған бойда мен түрлі қалада жүрген ұлдарымды жинауға асықтым. Үлкенін – Мәскеуден, кішісін Саратовтан алып кеттім. Тағы үш балам мен әйелім бар. Мен ұлдарымның соғысқа кетуіне, қолдарын украиндардың қанына бояуға немесе өлуіне ешқашан жол бермеймін", –  деді Ахмет.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр