950 мың теңге алған: Карантин кезінде қытайлықтарды отанына жіберуге уәде еткен алматылық ұсталды
Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына жіберуге уәде еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

40 жастағы М. есімді әйелдің заңсыз әрекетіне 20-дан аса адам шағымданған болатын. Олар полицияға ресми түрде арыз жазды.
"Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті 2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта туристік фирма атынан әрекет етіп, Қытай азаматтарына оларды ұшақ арқылы өз отанына жіберуге уәде берген. Бұл қызметі үшін әйел әрқайсысынан 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейін ақша алған. Алайда уәдесін орындамаған", – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша (Алаяқтық) тіркелді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кейін сот шешімімен әйел қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?