"93 миллион теңге": Ғиният әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығының сыйақысына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасының бес мүшесі 93,8 миллион теңге сыйақы алды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандық БАҚ-та бес басшыға 93,8 миллион теңге сыйақы берілді деген ақпарат тараған. Министр іс жүзінде олар 600 мың теңге алғанын айтады.
Ғинияттың айтуынша, жалақыға, демалысқа, емдік жәрдемақыға 98 миллион теңге қарастырылған.
“Өткен жылы олар бонустар алған жоқ. Бұл – директорлар кеңесінің шешімі. Жылына әрқайсысы 600 мыңға дейін сыйақы алды. Олар 600 мың теңгеден артық сыйақы ала алмайды, тікелей норма бар. Медицина күніне 300 мың теңге және республика күніне 300 мың теңге беріледі”, – деді денсаулық сақтау министрі мәжіліс аясында.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"