90 млн теңгеге алынған қорғаныс құралдары неге жарамсыз болып қалды: Бас санитарлық дәрігер түсіндірді
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов 90 миллион теңгеге алынған қорғаныс құралдарына қатысты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін, қыруар қаражатқа алынған жеке қорғаныс құралдарының жарамсыз болып қалғаны туралы хабарланған болатын. Осылайша көптеген дәрігерлер қорғаныс құралдарынсыз қалған.
Ерлан Қиясовтың сөзінше, бұл мәселеге қатысты іс сотқа жіберіліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бұл дерек бойынша біз тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Тауарлардың қызметі мен сапасын бақылау департаменті іс материалдарын жемқорлыққа қарсы агенттікке жолдады. Департамент Алматы қаласының сотына шағымданып, барлық ақпаратты ұсынды. Тексеру кезінде барлық деректерді жинақтап, құзырлы органдарға тапсырылды", - дейді Ерлан Қиясов.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі