Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9 жылдан кейінгі қуаныш": Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанады

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев тағы бір мәрте әке атанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/marhabat.besbaeva/

Әншінің жары Мархабат Беспаева жеке парақшасында қуанышты жаңалықты сүйіншіледі. 

“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазды өнер иесінің жұбайы. 



Айта кетейік, жақында мегажұлдыз шетелге барып, емделіп келген еді. 

“Достар, Ыстамбұлдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Ыстамбұлға қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша", – деп жазған еді әнші. 

 

Талқылау