AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
AAPL
164.92 $
0.03 %
TSLA
850 $
-2.44 %
NDAQ
183.17 $
0.18 %
GOOGL
116.63 $
-0.57 %
FRHC
53.49 $
-1.62 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9 жасар бала екпе салдырғаннан кейін қаза тапты": Қазақстандықтарды желіде таралған ақпарат алаңдатты

Қостанай қаласының тұрғындары қала мектептерінің бірінде Манту сынамасынан кейін 9 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарламаны бір біріне таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

соцсети

Әлеуметтік желілерде тараған аудиохабарламада, ер адам дауысы Қостанай мектептерінің бірінде балаларға құпия түрде екпе салғаны жөнінде айтады. Оның айтуынша, екпеден кейін бір бала қайтыс болып, тағы бірнешеуінің жағдайы ауыр.

"Бүгін балаларға екпе жасалды, бұл Манту болуы мүмкін. Юркамен бірге бір сыныпта бір балақай оқиды, оқыған... Оған екпе салған, сонан соң үйіне келгенде қызбасы көтеріліп, жағдайы ауырлаған. Кейін бала жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болды. Баланың жасы бар болғаны 9 жаста болды, ол вакцинадан қайтыс болды, тағы үш бүлдіршіннің жағдайы ауыр. Осы оқиғаның барлығы Қостанайдағы №7 мектепте болып жатыр", – деп мәлімдейді белгісіз азамат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратылған хабарламаға қатысты бірден мәлімдеме жасады. Анықталғандай, таратылған ақпарат – фейк болып шықты.

"Құрметті жерлестер, сіздердің барлықтарыңыздан мұндай жалған ақпарат таратуды тоқтатуларыңызды сұраймыз. Өз өздеріңізді қолға алыңыздар!  Балаларға қарсы вакцина Қазақстанда салынып жатқан жоқ. №7 мектептегі екпеден кейін қайтыс болған бала мен жағдайы ауыр үш бүлдіршін жөніндегі ақпарат – өтірік", – деді басқармада.

Қазіргі таңда аудио хабарламаның авторын полиция жалған мәлімет таратқаны үшін іздестіріп жатыр.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында көзделген "Біле тұра жалған ақпарат тарату" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Заң қызметкерлері әлеуметтік желілерде жалған ақпарат мен хабарламалар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", – деді департаментте.

Қылмыскер қолға түскен жағдайда 3 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін. Сонымен бірге әлеуметтік желілерде тараған мәлімет үш түрлі дауыспен хабарланған. Полицейлер барлық дауысты іздейтінін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр