9 және 11-сынып бітірушілеріне арналған емтихандар кестесі жарияланды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысында 9 және 11-сынып бітірушілеріне арналған емтихан кестесін таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 және 11-сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
9-сынып бітірген 341 мың оқушы қорытынды емтихан тапсырады. Емтихан кестесі келесідей:
оқыту тілі – 29 мамыр (жазбаша);
математика – 3 маусым (жазбаша);
оқыту тілі мен әдебиеті – 6 маусым (жазбаша);
таңдау пәні – 10 маусым (жазбаша).
186 мың оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Емтихан кестесі:
оқыту тілі – 28 мамыр (жазбаша);
алгебра және анализ негіздері – 31 мамыр (жазбаша);
Қазақстан тарихы – 4 маусым (ауызша);
оқыту тілі мен әдебиеті – 7 маусым (жазбаша);
таңдау пәні – 11 маусым (жазбаша).
Аттестат табыстау рәсімі 12-15 маусымға жоспарланған.
Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккен үш өңірдің оқушылары аралық және қорытынды емтиханнан босатылатынын хабарлаған едік.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған