8000 афтершок: Сейсмолог Алматы қаласында неліктен жер сілкіністері жиілегенін түсіндірді
Алматы қаласында сейсмологтар 23 қаңтардан бері 8000-нан аса жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, тіркелген афтершоктардың ішінде тек 100-ден астамының магнитудасы 5 балдан асқан.
"Бүгін 10:15-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл - 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бастап біз 8000-нан аса жерасты дүмпуін тіркедік. Оның 100-ден астамының магнитудасы 5 балдан жоғары болды. Тек 20-сын ғана сездік", – деді ол.
Еске салайық, Алматы қаласында 25 ақпан сағат 10:16 шамасында 3 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"