Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты

8 жасар қызды педофилден құтқарып қалған оқушы мемлекеттік оқу грантынан бас тартты. Танытқан ерлігі үшін биыл мектеп бітіруші түлек Тимурбек Жамалладиновқа Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде тегін оқуға мүмкіндік берген болатын. Алайда ол оқуға түсу үшін өзге қатарластарымен бірге бағын сынамақ. Диплом алғаннан кейін Тимурбек туған ауылына қайтып, егде жастағы ата-әжесіне көмектесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

тимурбек жамаллдинов 2204

«Мал дәрігері болғым келеді. Басты арманым осы. Мен аграрлық университетке оқуға түсемін, бірақ ол үшін әкім ұсынған грантты қабылдамаймын. Емтиханды өзім тапсырып, оқуға өз күшіммен түсемін деп үміттенемін, тіпті, үміттенбеймін, білемін. Алла бәрінің сәтін салсын», – дейді Тимурбек.

Кеше ержүрек жігітке көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін құрмет грамотасы, сондай-ақ, планшет пен ұялы телефон сыйға берілді.

Марапаттау рәсіміне Білім Министрлігінің өкілдері мен Тимурбек оқитын мектептің ұстаздары шақырылған. Ұстаздар Тимурбектің еңбекқор әрі қарапайым жігіт екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын. Оқушыға осы ерлігі үшін оқу гранты берілген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Көкшетауда клиенттеріне есірткі сатқан шаштаразшы жігіт ұсталды

Алматыда 8 жасар қызды азғынның қорлауынан құтқарған оқушы марапатталды

Талқылау