8 жасар қыздың жұмбақ өлімінен кейін полицейлер маньяктың соңына түсті
Ресейдің Тюмень қаласында сегіз жасар қыздың денесі табылды. Полиция мәліметінше, қыз бала қандықол қылмыскердің құрбаны болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Бесінші арнаға” сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің айтуынша, соңғы 20 жылда тоғыз бала жоғалып кеткен, олардың үшеуінің денесі табылыпты. Сарапшылар марқұмдарды қамап ұстап, артынша қылқындырып өлтіргенін анықтапты. Қылмыстар өзара ұқсас болғандықтан, қазірде ұқсас жағдайға байланысты түрмеге отырғандар тексерілуде.
Көз жұмған сегіз жасар қызды жоғалмай тұрып ер азамат кетіп бара жатқанын көрген. Кейбір деректерге сүйенсек, қаскөй құрбанның көршісі болуы мүмкін.
Бұл іске беделді сарапшылар жұмылдырылған.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"