Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"8 сағатқа кешікті": Алматы әуежайы ішкі және сыртқы рейстерін тоқтатып, шоу-бизнес өкілдерін әбігерге салды

 Алматы әуежайы қалың қардың жаууына байланысты ішкі мен сыртқы рейстерді тоқтатқан болатын. Осы орайда біраз өнер жұлдыздары концерт пен түсірілімдеріне жете алмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер өкілдерінің жеке парақшасынан алынды

Батыс өңірінде гастрольдік сапармен жүрген Әли Оқапов Ақтаудан Алматыға әрең жеткен. 

“Ақтау жібермей жатыр. Ұшақ 8 сағатқа кешікті. Бірақ Алматыда қауырт жұмыс күтіп тұр. 7 күнде 11 концерт қойдық. Ақтөбе мен Ақтауды аралап келе жатырмын. 3 сағат ұйықтап алып, жұмысқа кірісу керек”, – деп жазды өнер иесі. 

Отандық музыкалық жобаның түсіріліміне барған өнерлі жұп Тоқтар мен Бейбіт те ұшақтың ішінде біраз уақыт отырған. 

 Фото: Өнер өкілдерінің жеке парақшасынан алынды

“3 сағаттан бері ұшақтан түскен жоқпыз. Аман-есен астанамызға жетіп алайық. Бүгін бізге арналған бірнеше түсірілімге қатысамыз”, – деп жазды жұлдызды жұп. 



Сонымен қатар “Егіз-лебіз” музыкалық жобасына қазылық етуге барған Мадина Сәдуақасова да Алматыға қайта алмай қалған. 

“Астанадан ұша алмай жатырмын. Алматы ұшақтарды қабылдамай тұр екен. Уақытым 14.30-ға ауысты. Күтемін”, – деп сабырлық танытты эстрада жұлдызы. 

Фото: Өнер өкілдерінің жеке парақшасынан алынды

Спорт пен өнерді қатар алып жүрген Еркебұлан Тоқтар да 5 сағаттан бері самолетте отырғанын айтты. 

“Қардың салдарынан 5 сағат бойы ұшақта отырмыз. Жұрт бортсерік қыздарға ренжіп, ұрысып жатыр. Олар кінәлі емес. Мен отырмын. Жұмысымның бәрі тынған. Ешқайда асықпаймын. Қар жауды. Бәрі кешікті. Демек солай болуы керек”, – деді актер. 

Еске салайық, наурыз айының ортасында бірнеше өңірде ауа райы күрт бұзылған еді. 

Талқылау