Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"8 миллион теңгеден сатылған": Азаматтық авиация комитеті Мәскеуден келетін рейс бағаларының шарықтауына қатысты пікір білдірді

Азаматтық авиация комитеті (ААК) Мәскеуден Алматыға баратын рейстердің билеттердің қымбаттағаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Мәскеу - Алматы бағыты бойынша авиабилеттердің қымбаттағаны туралы ақпарат пайда болды. Желі қолданушыларын 22 және 23 қыркүйектегі мәлімет бойынша, бір жолаушы билеттің құны 7,8 миллион және 8,2 миллион теңгені құрап тұрғаны туралы ақпарат таң қалдырды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша,  Мәскеу – Алматы бағыты бойынша билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуекомпаниясы) және Дубай – Алматы ("Эйр Астана"әуекомпаниясы) маршруты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілген. 

“Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет. Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:00-дегі жағдай бойынша: – 2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша "SCAT" қазақстандық авиакомпаниясының рейсіне билет құны 253688 теңгені және ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі бағасы 208078 теңгені құрайды. – 2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша "Эйр Астана" әуекомпаниясының рейсіне билет құны 334146 теңгені құрайды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетсек, Ресейлік БАҚ авиакомпаниялар мен билет агрегаторларының сайттарында Мәскеуден көрші визасыз елдерге жақын тікелей рейстерге билеттер қалмады деп хабарлады.

Талқылау