Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 қабаттан құлағалы тұрған қызды құтқарған астаналық тұрғын сахнада бағын сынамақ

Осыдан екі жыл бұрын Астанадағы көпқабатты үйдің 8 қабатынан құлағалы тұрған 3 жасар қызды құтқарып, бейбіт күннің батыры атанған тұрғын өнерге бет бұрмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: https://www.instagram.com/qazaqstantv/

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген “Егіз-лебіз” музыкалық жобасының екінші кезеңі экранға жол тартты. 

“Әу демейтін қазақ жоқ қой. Арасында ән шырқап тұратыным бар. Бірақ кәсіби әнші емеспіз ғой. Сахнаның атмосферасы бөлек болады екен. Ең алғаш сахнада өлең айту ауыр болды. Енді екінші түсірілімге түсеміз. Шамалы денем үйреніп қалды”, – дейді Сәбит Шонтақбаев.



Сонымен қатар жобадағы жұбы әнші Альбина Шардарова тыңдарман қауымды қолдауға шақырды. 

“Егіз-Лебіз” жобасындағы менің жұбым, қазақ елінің батыры – Сәбит ағамыздың жасаған ерлігі әлі күнге дейін баршаңыздың есіңізде болар. Сәбит ағамыз алғаш рет сахнаға шығып, ән айтып жатыр. Бұл жобада бізге қолдау білдіріп жатқан барша тыңдарманымызға алғысымыз шексіз. Сіздердің айтқан сындарыңыз да, ақылдарыңыз да – бәрі орынды. Алдағы эфирлерге бізге қолдау көрсетсеңіздер, одан әрі сіздерді қуантып, күш жинап, тырысамыз. Бірінші эфир қашан да қобалжуға, уайымға толы болады. Күшті образ күтіңіздер!”, – деп жазды әнші. 

 

Талқылау