8 айда 7 рет: Атырау облысында бас санитар дәрігер тағы да ауысты
Атырау облысында пандемия басталғалы бері бас санитар дәрігер жетінші рет ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Azh.kz порталының жазуынша, жаңа бас санитар дәрігер болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды. Ол бұрын да осы қызметте болған.
Сонымен қатар Амантай Жұмағалиев аймақ бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы лауазымын атқарады.
Бұған дейін осы лауазымда болған Асылбек Шаров қызметіне тамыз айында келген. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазып, туған жері Маңғыстау облысына оралды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр