Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілімнің жары босану хикаясымен бөлісті

Тәуекел Мүслімнің жары Махаббат жүктілік кезіндегі қызықтары мен ұлын босану кезіндегі хикаясымен бөлісті, деп жазады Stan.kz. 

Махаббат Тәуекелге перзент сыйлайтынын жүктілігінің небәрі үшінші аптасында білген. Ешқандай жайсыздық болмаса да, бала сүйетінін жүрегі сезген. 

"Сүйіктіме бұл жаңалықты қалай жеткізетінімді 1000 рет елестеттім. Бірақ эмоция басып кетті. Көз жасыма қарап, жүкті екенімді бірден түсінді. Ал баланың жынысын Тәуекел ақырғы сәтке дейін білген жоқ", – дейді Махаббат.

Токсикоз, мазасыздық, жеріктік... Бұл белгілердің бірі де болашақ ананы мазаламаған.

"Жүктілік бойы қонақ күттік, қоныс тойын тойладық, тауға, демалысқа шықтық. Уақыт солай өте шықты", – дейді Тәуекелдің жары.

Сөзіне қарағанда, босанатын сәт келгенде енесі келінінің жанында болмаған.

"Анамыз Астанаға қызына кеткен болатын. Өзі жоқта ештеңе бола қоймас деп сенімді еді. Бірақ бала әжесін күтпеді. Бізге Тәуекелдің ағасы қонаққа келген. Дастарқан жайып, кешке сырғанауға Шымбұлаққа шықтық. Тәуекел, Аңсар және ағасы шаңғы тепті. Ал біз әпкемізбен таза ауа жұтып тұрғанбыз. Бір кезде ішім ауыра бастады", – дейді бикеш.

Алғашқы перзенті болса да, Махаббат аса үрейленбеген. Шыдамдылық танытып, перзентханаға да асықпаған. 

"Үйге түнгі 1-де келдік. Тәуекел уайымдап, ауруханаға баруға үгіттеді. Ауырсыну басылмаса да, барлығына төсек салып беріп, өзім де ұйықтап алайын дедім", – деп еске алады ол. 

Ақырында таңғы сағат 5-те перзентханаға баруға келіскен актердің жары болашақ аналарға кеңесін де аямады:

"Ешкімді тыңдамай, сөмкені алдын ала дайындаңыздар. Сағаты келгенде сіз үшін балаңыздың киімін ешкім жуып, үтіктеп бермейді".

Қызығы, Махаббатты қараған дәрігер оның шыдамдылығына қайран қалған.

"8-9 см ашылған! Қалай жүрсіз? Босану бөлмесіне шығарыңыздар", – деді. Сағат 6.30 шамасында босану бөлмесіне көтерілдік. Алдын ала ешкіммен келіспедім. Сондықтан кезекші акушер босандырды. 8:00-де ауысым болып, басқа акушер келді. Әрине, өзімді аядым. Бірақ дәрігер балаға 100 есе ауыр тиетінін, сондықтан тырысу керектігін айтты. Бүкіл бөлімге айқайлаған жоқпын. Іштей шыдадым. Бар күшімді жиып, 8:25-те балапаным дүниеге келді", – дейді Махаббат.

Естеріңізге сала кетейік, актер Тәуекел Мүсілім былтыр Қостанайдың Махаббат есімді аруымен отау құрған болатын. Жұптың Айтөре есімді тұңғышы биылғы жылдың қаңтар айында дүниеге келді.
 

Талқылау