78 мың теңге: Атырауда 22 жастағы қызды күштеп ұрлап кеткен жігіт айыппұлмен құтылып кетті (видео)
Атырауда 22 жастағы қызды тал түсте күштеп ұрлап кеткен жігітке айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Оқиға 18 ақпанда болған. Желіде 22 жастағы Атырау тұрғынының қызды күштеп көлікке отырғызған сәті түсірілген видео тараған еді.
Соттың мәліметінше, бастапқыда қыз көлікке өз еркімен мінген, бірақ кейін жастар арасында жанжал болып, ол көліктен түсіп кеткен. Күдікті Е есімді азамат агрессивті мінез-құлық танытып, қызды қайтадан күшпен көлікке отырғызып, үйіне апарып тастаған.
Жәбірленуші К өз баяндамасында ер адамның әрекеттеріне ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін атап өтті.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты күдікті Е-ні кінәлі деп тапты. Енді ол 78 640 теңге айыппұл төлеуі керек.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген