700 млн доллар Ұлыбританияда қоқыста жатыр: Биткоин иесі соңғы үмітінен айырылды
Англия тұрғыны 2013 жылы лақтырылған биткоиндер сақталған дискіні қалалық қоқыс орнына қазып алмақ болған. Уэльс соты оған қоқыс орнын қазып, дискіні қайта алуға рұқсат бермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.
Фото: ВВС
Ер адам жергілікті билікке 2013 жылы лақтырылған биткоиндері бар дискіні табу үшін қалалық қоқыс орнын қазуға рұқсат сұрап жүгінген. Алайда сот оның арызын тыңдаудан бас тартты.
Уэльстің Ньюпорт қаласының тұрғыны Джеймс Хоуэллс 2013 жылы құрбысы сол кезде шамамен 7,5 мың биткоин болған дискіні абайсызда қоқысқа лақтырып жібергенін айтады. Бұл криптовалютаның бүгінгі айырбас бағамы бойынша – 700 миллион доллардан асады.
Ол жергілікті кеңестен үйіндіні қазуға рұқсат беруін немесе өтемақы ретінде тиісті соманы төлеуін талап етті. Алайда, судья талап арыздың заңсыз екенін алға тартқан.
Биткоин бағасы алғаш рет 95 мың доллардан асты
Ньюпорт шенеуніктері заң бойынша лақтырылған диск полигон иелерінің меншігі болып қалатынын түсіндірді.
Хоуэллс жергілікті кеңеске егер іздеу сәтті болса, сатылған биткоиндерен түскен табыстың 10% жергілікті билікке беретінін айтқан. Алайда адвокаттар бұл ұсынысты шенеуніктерді қазба жұмыстарын қаржыландыруға мәжбүрлеу әрекеті деп атады.
Хоуэллстің қатты дискісі орналасқан полигонда жалпы саны 1,4 миллион тоннадан астам қалдық бар. Дегенмен, ол дискінің нақты орнын анықтағанын және бұл аймақта бар болғаны 100 000 тонна қалдық барын айтты.
"Мен британдық әділетсіздік жүйесінің құрбаны болдым. Мені ашкөз деп ойламаңыз, мен табысымды бөлісуге дайынмын. Бірақ биліктегі адамдардың ешқайсысы менімен келісімге келуге дайын емес", – деп шағымданады ол.