70 жастағы шалды билеткен Нұржан Керменбаев желіні шулатты (видео)
Күні кеше Жанар Дұғаловамен ел көзіне түскен Нұржан Керменбаев тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды. Өнердегі бағытын өзгерткен Нұржанның кезекті туындысы “Жалғыз-ақ биле” деп аталады.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жалғыз-ақ биле, Жүрегің қалап тұрса! Иә, Нұржан заманауи әрі ырғақты ән арқылы жасты да, кәріні де би билеуге шақырады. Керменбаевтың тың туындысын тыңдармандар да жоғары бағалап үлгерді.
“Қазақстандық әншілер, міне енді сапалы бейнебаяндар түсіре бастады”, “Әртіс болу, ән жаздыру, бейнебаян түсіру оңай емес. Керменбаевтың барлық әндері хит қой. Мағынасы бар ән. Еңбегіңіз үшін рақмет”, “Жантебірентерлік клип. Баланың көзі сондай қатты әсер етті”, – деп әсерімен бөлісті тыңдармандар.
Тағы оқыңыз:
20 минутта 1 млн теңге табатын қазақстандық әншілер салық төлеуден жалтарып жүр
Қытай шекарашылары ресейлік жұлдыз Лолитаны ер адаммен шатастырып алған
Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па
Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді