70 жасында егіз босанған кейуананы күйеуі тастап кетті
Африкада угандалық 70 жастағы Сафина Намуквая экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы егіз туып, рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет Daily Star-дан
Ол Кампаладағы Әйелдер халықаралық госпиталі және ұрықтандыру орталығында ұл мен қызды дүниеге әкелді.
Бұған дейін әйел 2020 жылы ЭКО көмегімен қызды дүниеге әкелген.
Намуквай рекордтық жетістікке жеткеніне қарамастан, егіздердің әкесі белгісіз себептермен оны тастап кеткен.
"Құрсағыңда баланың біреу емес екенін есту ер адамдарға ұнамайды. Емханада болғаннан бері ол бір рет те келмеді", - деді угандалық әйел.
Сурет Daily Star-дан
70 жастағы ана жүкті кезінде жұмыс істемегендіктен, халықтан материалдық көмек көрсетуді сұрады. Аурухана қызметкерлері Намуквайдың тарихи жетістігін растап, егіздердің жағдайы жақсы екенін айтты.
Дүние жүзіндегі ана атанған ең қарт әйел - үндістандық Эрраматти Мангаямма. Ол да ЭКО көмегімен егіздерді 74 жасында дүниеге әкелген.