7 жасар ұлын имандылыққа баулыған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)
Қайрат Нұртас отбасын жұртқа таныстырғалы жұрт оның сахнадағы өмірінен бөлек күнделікті тыныс-тіршілігіне куә болуда. Күні кеше әнші атұстары Нарұлды мешітке апарып, суреттерін желідегі парақшасында жариялады.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Нарұл Қайратұлы 2011 жылы дүниеге келген. 7 жасар бүлдіршін бүгінде 1-сыныпта оқиды. Нарұлдың да ән айтатын қабілеті бар. Естеріңізде болса, отбасылық концертте ол әкесімен бірге “Қазақ қызы” әнін шырқаған болатын.
Атасының айтуынша, үйдің тұңғыш атұстары әкесі сияқты әнші емес, анасы сияқты кино саласының маманы болатын сияқты. Алайда Қайраттың өзі ұл-қыздарын өнерге бергісі келмейтінін айтқан еді. Хитменнің айтуынша, ол балаларын әртүрлі үйірмелерге тек қосымша хобби ретінде берген. Айтпақшы, көпшілік дәл осы Нарұлды анасы Жұлдыздың аузынан түсіп қалғанын айтады.
Тағы оқыңыз:
Жақындары Гүлзира Айдарбекованың туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)
Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді
Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты