Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Осыдан 15 жыл бұрын Асанәлі Әшімовке тұрмысқа шығып, көп ұзамай ұлды болған Бағдат Әшімова абыз актердің бұрынғы жарымен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді. “Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасына сұхбат берген ол актердің алғашқы екі некесінен сүйген ұрпақтары жайлы да сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Асанәлі және Бағдат Әшімовтер

“Асекеңнің өткен өміріне сыйластықпен қараймын. Асекең сүюге тұрарлық жан ғой. Асекең үшін оқылған кітаптың бір парағындай. Араларында махаббат болды, ұл дүниеге келді. Тағдырдың жазғаны шығар, бөлек кетті. Бірақ баласы үйленгенде тойда маған сөз бергенде “анасы емеспін” деп айтқаным рас. Өмірге әкелген аналары ғой. Әр балаға өз анасының орны бөлек. Ол кезде Асека (авт. кішкентай Асанәлі) болған жоқ”, – дейді Бағдат Әшімова Әшімовтің ұлының үйленген кезін еске алып.

Бағдат Әшімованың айтуынша, бүгінде Асанәлі Әшімовтің алдыңғы некесінен туған Сағина есімді қызы олармен бірге тұрады.

“Мен табалдырықты аттаған кезде Сағидың ұлы мен қызы 5 жаста болатын. Қазір ол балалар 20-дан асты. Келген кезде Аңсарды да, қызды да жақсы көрдім. Мектебіне, балабақшасына барамын. Сол балаларға деген аналық сезімім оянды. Өмірге Асека келгенде, солар өсірді. Қазір Аңсар екеуінің бір-біріне деген қарым-қатынасы, бауырмалдығы өте жоғары. Қазір енді 5 немереміз, 2 шөбереміз бар. Ал енді Сағина қызымыз екі жылдан асты қолымызда. Былтыр 16-ға толған кезде туған-туыстарды жинап, елге таныстырдық. Асекеңнің қаны, Әшімовтің ұрпағы ғой. Балалардың бәрін жақсы көремін. Олар да мені “әжека” деп отырады”, – деген Бағдат Әшімова Сағинаның анасымен де араласып тұратынын атап өтті.

Айтуынша, 16 жастағы бойжеткеннің анасы бүгінде Астанада тұрады. Ал өз анасы бола тұра, қыздың өздерімен бірге тұрып жатқанын Әшімова былай деп түсіндірді:

“Біз солай шештік. Қыздың жүрегі нәзік қой. Әкесінің үлкен адам екенін біледі, соны сезінсін дедік. Екі бала қосқанатымыз болсын деп Асекең екеуміз бірге шештік”, – деді ол.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімовтің алғашқы жары Майра 1993 жылы, ал алғашқы некесінен туған қос ұлы Мәди мен Сағи 1999 жылы дүниеден өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған Сағи Әшімовті көпшілік Шоқан Уәлихановтың рөлі арқылы таниды.

Оқи отырыңыз: 

Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты

“Томиристің” ат үстінде шауып бара жатқан сәті желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады (видео)

Бір қайнауың кем болды: Жанар Айжанова Ернар Айдарды “фонограммаға мініп алған” деп айыптады

 

 

Талқылау