Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар баланың ісі: “Қорқытты” деп айыпталып жатқан Селтановтар жәбірленушілердің сөзін жоққа шығарды

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты «қорланды» делінген жеті жасар баланың сенімді өкіліне қатысты «жала жабу» дерегімен қылмыстық істі қарай бастады.

Оның үстінен жеті жасар балаға «әлімжеттік жасады» делінген оқушылар оқитын Баласағұн атындағы мектептің директоры Бейбіткүл Селтанова сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды 31 арна.

“Мен бір рет те звонок қылған жағдайым жоқ оған, түк те қатысы жоқ. Ал күйеуімнің вообще қатысы жоқ. Атам болса да, қатысы жоқ. Мен де милицияға барып, арызын алмаңдар деп, ол жаққа менің құзыретім де жетпейді, мысалы да”, – дейді Сарыағаштағы № 74-Баласағұн атындағы мектептің директоры Бейбіткұл Селтанова.

Қылмыстық кодекстің «жала жабу» дерегімен істі өндіріске алған судья, тараптар құқын түсіндіре келіп, екі жақты бітімге шақырған. Селтанованың қорғаушысы егер Құрманғазы Мүсір «қылмыстық істің ашылуына мектеп директоры Бейбіткүл Селтанованың туған қайнысы Бауыржан Селтанов бөгет жасауда» деген сөзін ресми түрде жоққа шығарса, бітімге келуге дайын екенін айтқан. «Құрманғазы Мүсір мұнымен келіспеді» – деді арыз берген тарап. Ал Құрманғазы Мүсір болса, керісінше, «бітімгершілікке келейік деген мен едім, бірақ Селтанова келіспеді» дейді.

“Бұны мған әдейі жасап отыр. Менің дұрыс жұмыс істеуіме кедергі болу үшін”, – дейді  7 жасар баланың қоғамдық қорғаушысы Құрманғазы Мүсір.

Бұл іске қатысты редакциямызға кентаулық көп балалы аналар мен әжелер хат жазып қоғамға үндеу жариялапты. Барлығы 60 адам! Мұнда ана мен бала ешкімнен қорлық көрмеу керектігі айтылған. Хаттың соңында бұл қылмыс Қазақстандағы барлық аналардың етегін жасқа толтырғандығы жазылған.

Бұған дейін жәбірленушілер полковник Селтановтың “өзіңді соттап жіберем” деп қорқытқанын айтқан еді.

Тағы да оқыңыз:

Көкшетауда қоластындағы 55 жастағы қызметкерін тырнап алған 38 жастағы басшыға айыппұл салынды

Ақмола облысында өлі деп ойлаған қарындасы ағасына 17 жылдан соң қоңырау шалған

ШҚО-да күн суытып, су астында қалған үйлер енді мұз болып қатып қалды

Талқылау