Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“7 минут қалды, шыда”: Рудныйда оқушыны әжетханаға жібермеген мұғалім қызметінен кетті

Рудныйда мұғалім оқушыны сабақ кезінде әжетханаға жібермегені үшін қызметтен кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алау порталына сілтеме жасап. 

оқушы

Оқушының анасының сөзінше сол күні қызы сабақ үстінде іші аурып тұрғанын айтып, әжетханаға сұранған. Ал мұғалім оған “7 минут қалды, шыда” деген. Ал оқушы шыдамаған. Кейін оны әпкесі мектептен алып кеткен.

“Баламның конституциялық құқығы бұзылды деп есептеймін. Бұл – мұғалімнің қорлауы. Қызым қазір мектепке барғысы келмейді, ұялады. Бұл үлкен психологиялық қысым болды. Білім бөлімі тарапынан ешқандай шара қолданылмаса, прокуратураға хабарласатынымды ескерттім”, –  деген болатын оқушының анасы.

Бұл оқиғадан соң мұғалім жұмыстан шықты. Білім басқармасының басшысы Темурхан Жайлыбаев мектебінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Ата-аналармен, мектеп директорымен жұмыс жүргізілді. Қыздың анасы мұғалімді жазалауды талап етеді. Мұғалім жұмыстан кету туралы арыз жазды. Ол кешірім сұрады. Мұғалім көп жылдық тәжірибесі бар жақсы ұстаз. Ол оқушы бір рет барып келгесін екінші ретінде сабаққа қатыспау үшін деп ойлаған. Оқиға орын алған кезде мұғалім қызды сыныптан ақырын ешкімге білдіртпей алып шыққанын айтты. Не болғанын балалардың ешқайсысы түсінбеді", — деді білім басқармасының басшысы.

Талқылау