Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 миллион теңге моралдық өтемақы төлейді: Оралда өгей қызын зорлаған әкеге сот үкім шығарды

Батыс Қазақстан облысында өгей қызын зорлаған әкеге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат П-ны жас баланың дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды (121-бабы 4-бөлігімен).

Орал қаласының тұрғыны П. 2008 жылы туған өгей қызына сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған. П-ның кінәсі жәбірленушінің және заңды өкілдің, куәлардың, сарапшылардың айғақтарымен, беттестіру, оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамаларымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген.

“Прокурор П-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурормен келісті. Сотталушы және оның адвокаттары қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығаруды немесе сотталушының әрекетін ҚК 123-бабы 2-бөлігіне қайта саралауды сұрады. ҚК 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіп дәрежесін, тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне ықпалын ескеріп, сот П-ны 20 жылға соттады”, – делінген хабарламада. 



Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіз мекемесінде өтейді.

П. педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Заңды өкілдің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталғаннан 7 000 000 теңге мөлшерінде моралдық өтемақы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 03 Қараша, 2022 11:40