Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

69 жасында егіз босанған әйелдің балаларын сот тартып алды

Испанияда 69 жастағы әйелді егіз балаларын тәрбиелеу құқығынан айырды. Жергілікті сот 64 жаста бала босанған әйелді бала тәрбиелеуге қауқары жоқ деп таныған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.

Испанияның жоғарғы соты осыған дейінгі 2020 жылы сәуірде Бургос провинциялық соты шығарған үкім бойынша балаларды тартып алу туралы қаулыны өзгеріссіз қалдырған. Үкімде әйелді балаларынан айыру себебі - егіз балалардың дұрыс жағдайда тәрбиеленбеуі деп көрсетілген.

2017 жылы АҚШ-та бедеулігін емдеп, егіздерді дүниеге әкелген Маурисио Ибанездің төрт жылдық сот ісі жақында ғана аяқталған.

Соттың шешімі бойынша, егіз балаларды тиісті деңгейде бағып-қаға алмауы және әлеуметтік қызметпен қарым-қатынас орната алмауы себебінен олардың жағдайы нашар деп бағаланған.


Енесімен көңіл қосқан ер адам әйелі перзентханадан оралғанша үйінен қашып кетті 


Сот бұл шешім әйелдің жасына немесе психикалық денсаулығына қарап емес, сараптамалық бағалауға негізделгенін айтты. 

Бургос провинциялық соты алғашқы шешімді қабылдаған кезде баяндамада былай деп жазылған екен: "Әйелдің жеке қасиеттері кәмелетке толмаған балалардың  эмоцияналдық және психоәлеуметтік дамуына айтарлықтай әсер етті" делінген.

Сот сондай-ақ, шын мәнінде орнамаған отбасылық қарым-қатынастар, оқшаулану және қолдау көрсететін әлеуметтік байланыстың болмауы да алаңдаушылық тудыратынын жеткізген.

Егіздер дүниеге келген 2017 жылы оларды патронаттық отбасылар қабылдаған, қазір балалар 4 жаста.

69 жастағы Ибанез әлеуметтік қызметтермен тәулік бойы күтім жасау үшін көмекшіні жалдайтыны туралы келісімге қол қойды, оған бала күтімі бойынша көмек қажет болады деп шешілген.

Бірақ әйел босанғаннан кейін бір айдан соң сот егіздерді "қауіпті жағдайда" деп шешті.

"Әйел үйге оралғаннан кейін сот жіберген команда Ибанездің жағдайын қадағалаған, осылайша егіздердің күтімге мұқтаж екендігі туралы қорытынды жасаған", - дейді әлеуметтік қызмет өкілі.

Сот Ибанездің тағы бір баласын 2014 жылы патронат отбасына жіберген. Себебі анасы оған күтім жасауға жарамсыз деп танылған. 11 жастағы Бланка да эко нәтижесінде дүниеге келген, қазір Канадада тұрады.

2017 жылғы шешімнен кейін Ибанездің адвокаты оның клиенті "қатты ренжулі және психологиялық зақым алды" деп мәлімдеді.

Ибанез сотқа шағым түсірді, бірақ оның апелляциясын жергілікті отбасылық сот қабылдамаған, сондықтан Жоғарғы Сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Қазіргі уақытта Ибанез өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланып қойды, бірақ соттан екі жылда бір рет шешімін өзгертуін сұрай алады. 

El Pais басылымы Ибанез бұрынғы мемлекеттік қызметкер екенін және денсаулығының психикалық зақымдалуына байланысты мерзімінен бұрын зейнетке шығып, отбасын құрғанын хабарлады.

Испан газетінің хабарлауынша, Ибанездің әпкесі соттан әйелді "толықтай шешім қабылдай алмайды" деп танығанын қалаған. Осы арқылы оның бедеулікті емдеу мақсатында шетелге шығуына тосқауыл қоймақ болған.

Ибанездің өзі бала көтеруге деген мақсаты - ана болу бақытын сезінумен байланыстырады. 

"Мен алғашқы баламды босанғаннан кейін керемет тәжірибені бастан өткердім. Сондықтан тағы бір рет ана болу бақытын сезінгім келді. Осындай тағы бір мүмкіндікке ие бола алам ба, деп ойландым. Менің жасым мені мүлдем алаңдатпайды. Кәрі болсам да, медицина мен ғылымның арқасында жүкті бола алдым және бұл менің соңғы мүмкіндігім", - дейді Ибанез. 


91 жастағы әжей он жыл ойланып, 73 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты 


Ол өзінен балаларын толықтай тартып алатынына алаңдаулы екенін айтады. 

"Олар сондай әлсіз, кішкентай, қорғаны жоқ. Олар үшін кішкене алаңдаулымын. Құдайдан балаларымды әлеуметтік қызметке өтіп кетуін ғана тілеп отырмын", - дейді егде тартқан әйел. 

Ибанездің егіздері жайлы ақпарат бүкіл әлемнің БАҚ беттерін шулатты. Испания халқы арасында қызу талқыға түскен тақырып: ғылымның дамығандығын мадақтау мен егде тартқан кездегі жүктілік жайлы болды. 

Айта кетейік, Ибанез бірінші баласын босанғанда да, оған қамқорлық танытуға шамасы жетпейді деп танылған.

Талқылау