Дәрігер терінің сарғаюы қатерлі дерттің белгісі болуы мүмкін екенін ескертті

Фармацевт әрі денсаулық сауаты жөніндегі маман Сенто Сегарра теріде пайда болатын кейбір өзгерістерді елеусіз қалдырмау керек екенін айтты. Оның сөзінше, терінің кенеттен сарғаюы ұйқы безінің қатерлі ісігіне тән белгілердің бірі болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маман ісік өт жолдарын бітеп, өттің қалыпты жүруіне кедергі келтіруі мүмкін деп түсіндірді. Соның салдарынан тері сарғыш реңге енеді.
Сегарра бұл аурудың мынадай белгілеріне назар аударуға шақырды:
- зәрдің қою түске боялуы;
- көздің ақ қабығының сарғаюы;
- нәжістің бозғылт түсті болуы;
- іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы;
- себепсіз салмақ жоғалту;
- майлы тағамнан кейін ас қорыту қиындауы.
ОқыңызОның айтуынша, ұйқы безінің қатерлі ісігі өлім-жітім деңгейі жоғары аурулардың қатарына жатады. Себебі көп жағдайда бұл дерт кеш анықталады. Ал көп адам мұндай белгілерді күйзеліс, дұрыс тамақтанбау немесе ағзаның сусыздануы деп ойлап, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырады.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген