64 жастағы тараздық интернет-алаяқтықпен айналысып, 10 млн теңгеге жуық ақша тапқан
Интернет-алаяқтықпен айналысқан 64 жастағы тараздық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зардап шеккендер алаяққа 400 мыңнан астам кірпішке тапсырыс берген. Келтірілген материалдық залалдың көлемі шамамен 9,4 млн теңгені құрады.
Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Күдікті барлық алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды