Қарағандыда тергеу изоляторына есірткіні құрманың ішіне салып өткізбек болған
Қарағандыда уақытша ұстау изоляторында 32 жастағы күдіктіге арналған сәлемдемені тексеру кезінде құрмадан есірткі табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Азық-түлік салынған пакетті тексеру барысында 6 құрманың ішінен қара түсті бумалар анықталған.
Сәлемдемені қаланың 28 жастағы тұрғыны берген. Қазір аталған дерек тіркеліп, тергеу жүріп жатыр.
Қарағанды облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекеме аумағына тыйым салынған затты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып өтті.
Қазақстандағы ең табысты банктердің рейтингі жаңарды
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның банк секторы бұрынғыдай жоғары табыс көрсеткенімен, жалпы динамика баяулай бастады
"Әлем аруы - 2026" байқауында Қазақстан намысын кім қорғайтыны белгілі болды
Бұл жолы ұлттық киімнің негізгі идеясы ретінде аққу таңдалған