"6-сыныпта өзіме көйлек тіктім": Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алды
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алып, сәнгерлікке қызыққанын “Алғашқы” бағдарламасында айтып берді.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Өнер иесінің айтуынша, анасы он саусағынан өнер тамған ісмер әйел болып, қолдан неше түрлі көйлек тігіп беретін болған.
“Әкем мен анам үйленгенде қайын ағасы іс тігетін машина сыйлапты. Соны анам өмір бойы аялап өтті. Мен бала күнімнен киімге қатты қызықтым. Сәнқой болып, неше түрлі көйлек кигенді жақсы көруші едім. Анам жаңа көйлек сатып әпереді. Оны киіп көшеге шықсам, 10 шақты қыздың үстінен көремін. Содан үйге келіп жылап, анама ренжимін. Бір күні анам іс тігетін машинасын алдыма қойып, енді өзің тігіп ки деді. Содан 6-сынып оқып жүргенде өзіме алғаш рет көйлек тігіп, кидім. Ол кезде теледидардан “Сән әлемі” деген бағдарлама болатын. Содан қарап киім үлгілерін құрастырдым. Ондай көйлек менде ғана болды”, – деп күлді өнер иесі.
-
Жұмбақ сәйкестік: Таиландтық қызметші француздық миллиардер әйелдің мұрасын иеленді
-
Үш баланың анасының адам танымастай өзгеруі желі қолданушыларын таңдандырды (видео)
Бүгінде әні мен сәні үйлескен әншінің стилі ерекше. Бағдарламаға киіп келген көйлегінің де бағасын айтып, қалай тіккенін жасырмады.
“2010 жылы фуражкамен көйлек киіп шықтым. Сол жылы сәнге айналды. Одан кейін тюрбан пайда болды. Оны да тақтым. Тіпті неше түрлісін көрдім. Менің бетіме африкалық әйелдердің тағатын орамалы жараса кетті. 25 жылдан бері арнайы стилистердің көмегіне жүгінемін. Мен бренд қумаймын. Ең бастысы денеге ыңғайлы болса, болғаны. Бүгінгі бағдарламаға киіп келіп отырған киімімнің бағасы қымбат емес. 1 метрі 8 мың теңге тұрады. 3 метр алдым да, костюм мен шалбар тігіп алдым. Бұл киімді әдемі етіп тұрған – жылтырағы. Әйел заты әсемдікке ұмтылуы керек”, – деп сөзін түйіндеді әнші.
Еске салайық, өнер иесі бірінші жолдасының қайтыс болғанын айтып еді.