58 жастағы теміртаулық әйел "ВКонтакте" желісіндегі жазбасы үшін қамауға алынды
Теміртаудың 58 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде тыйым салынған экстремистік бағыттағы діни мазмұндағы жазбаларды жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сараптама нәтижелері бойынша 58 жастағы әйелге қатысты әкімшілік кодекстің 453-бабының 4-бөлігімен "Зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған ақпарат пен материалдар бар, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты емес басқа өнімдерді өндіру, сақтау, әкелу, тасымалдау және Қазақстанға тарату" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Заң бұзушы азаматшаға Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен шамамен 300 мың теңге айыппұл салынды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады