+51 градус: Қазақстан тарихындағы ең ыстық күн қашан болды
Қазгидромет мамандары соңғы 43 жыл ішінде ауа температурасының қалыпты нормадан жоғары болатын күндерінің көбейгенін айтады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихында ең ыстық және ең суық ауа температурасының қашан тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

«1976-2017 жылдары аралығында Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35ºС-тан асатын күндердің көбейгені байқалады. Әр он жыл сайын олардың саны 4, 8 күнге ұзарған», - дейді Қазгидромет баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, олар жылу толқынының жылдамдығы орташа есеппен Қазақстанның барлық дерлік өңірінде артқанын айтты. Қазақстанның батыс бөлігінде, әсіресе, Маңғыстау облысында әр он жыл сайын олардың саны 6-10 күнге артып отыр.
«Қазақстанда ең ыстық ауа райы Түркістан облысында + 51ºС 1951 жылы 1 шілдеде тіркелген. Ең суық ауа райы Ақмола облысында - 51,6ºС 1893 жылы 5 қаңтарда тіркелген», - дейді мамандар.
Тағы оқыңыз >>> Мына ыстық мезі етті: Қазақстанда мұндай ауа райы қашанға дейін сақталады
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген