"Қораңыздағы малды ұрлағанмен бірдей": Продюсер Гүлнұр Мамасарипова фильмін желіде заңсыз сатқандарды жазалауды сұрады
Белгілі продюсер, отандық киноиндустрияға үлес қосып жүрген Гүлнұр Мамасарипова авторлық құқық туралы заң енгізу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Санамыз қашан өседі біздің?! Біз авторлық құқықты қорғай алмайтын қоғамда өмір сүреміз. Telegram-ға түк те істей алмай жатырмыз. Ол жақтағылар көшіріп, 500 теңгеге сатып жатыр екен. Түбін табу мүмкін емес. Мұндай қарақшылықты қолдамаңыздаршы, өтініш! Үйіңдегі дүние-мүлік пен қораңыздағы малды ұрлағанмен бірдей ғой”, – деп ренжіді продюсер.
Продюсердің сөзінен кейін көрермен пікірі екіге бөлінді. Бірі " YouTube-тен көрсе не болады, ол халыққа арнап жасалған дүние болғандықтан, қандай жағдай болса да қолжетімді болғаны дұрыс" десе, екіншісі: "Қоғамда ондай паразиттер көп. Кинотеатрдан түсіріп алады да, ойына келген бағаға сатады. Кинозалға ұялы телефон алып кіруге тыйым салуы керек. Мұндай алаяқтық сонда ғана азаяды", – дейді.
